1-тарау

Серттесу

Дала. Көкжиектің арғы жағынан жануарлар мен металл дыбысы жетіп жатты, одан әрі кісі даусы естіле бастады. Алғашқы салт аттылар пайда болды, артынан керуен түгел көрінді. Бұл Қуанның той керуені болатын. Ол әдеттегідей өзінің айнымас досы Антаспен қатарласа келеді. Екеуі де мәз, баз-баяғыша алдағы көңілді әрі тату-тәтті өмірлерін қызу талқылап, жоспарларын айтып әуре. Бұлардың бір-бірінен ажырамас дос екенін маңайындағылардың бәрі біледі. Олар, екеуі де жетім өскен, балалық шақтарында бірін-бірі қорғайтын, аңға да бірге шығатын, қаһан жасақ жинағанда, сыртқы жауға қарсы соғысатын. Антас осыдан бес жыл бұрын үйленгенді, қазір оның Дастан деген төрт жасар ұлы бар.

Дастан бөлек ерге мініп, айналаға мұқият зер салып келеді. Жаңа нәрсенің бәріне қызыға қарады. Өйткені Қуанның енді ғана үйленген әйелі Күшбике көп тайпадан тұратын оқаздар* одағындағы текті де мықты әулеттен шыққан болатын. Оның әкесі Тоқтарбай сүйікті қызының жасауынан ештеңесін аямады. Табын-табын жылқы, отар-отар қой, келі-келі түйе, қымбат киім мен үйге қажетті жабдықтарымен қоса ыдыс-аяқ, сәндеп безендірілген киіз үй берді. Ең бастысы, Антас пен Қуан шыққан бұл ауылға таңсық, еркелеп өскен қызы үй тірлігінен шаршамасын деп Тоқтарбай берген таттары* болды.

Ал осы кезде Антас пен Қуанның даңқын шығарғаннан бөлек, байтақ жерде сәйгүліктерінің абыройын асқақтату үшін бәйге аттарын қалай өсіреміз деген жоспарын талқылап келеді.

Өздерінің «қалаш» руы қарапайым әрі кедей болатын. Олардың жері қыпшақ тайпаларының ірі иелігіне кіретін. Тайпа тарихында батурлар, арқалы, бай кісілер болмаған. Сол себепті екі дос өз тайпасының даңқын шығару үшін жүйрік бәйге аттарын өсіруді көптен армандады. Ертеректе бір жорықта жүргенде бір қария келешек арғымақты қалай танитынын, оларға дұрыс күтім жасау мен тұлпар етіп өсіруді үйреткен еді.

Ал осы кезде шатыр ішінде Қуанның жас әйелі Күшбике мен оның қызметші әйелі бірге отырды. Антастың әйелі Толқын оған көмектескісі келіп еді, бірақ Күшбике жаңада пайда болған құрбысының мейіріміне жақтырмағандай сыңай танытты.

Достар аң аулап болып, кері қайтқанда алдарынан көршінің кішкентай қызы жүгіріп келе жатты. Екі аңшы қыздың айтқанын түсіне бастағанда, «Сүйінші, сүйінші*» дегенді естіді. Сол кезде Қуан қыздың сөзін ұқты, өйткені ол аңға шығар алдында бірер күн бұрын Күшбике туыт әйел шақырмақшы екенін айтқан болатын. Қуан жорамалын досына айтып, атын қамшылап қыз балаға қарай шаба жөнелді.
Антас оны қуып жеткенде, қыз бала Қуанның алдында отырды әрі қуанышты хабар рас екенін, Күшбике екеуі балалы болатынын айтты. Екеуі бір-бірімен жарыса қуаныштан айқайлап, ауыл ішіне кірді.
Әзірге думантпады, бала туғанын күту керек еді. Дегенмен екі дос бәрібір жарысқазан жасап, жақсы жаңалықты тойлады. Сәби қыз болса, балаларын атастырмақ болып, алдын ала келісіп те қойды.
Сөйтіп, Күшбикенің қуанышқа толы сәтін күтіп күндер мен айлар өтті. Алайда екі достың әйелі арасындағы қарым-қатынас тереңдей қоймады. Бар жерде өсіп, таршылық көрмеген Күшбикеге Толқынның кедей-кепшікке тән қылығы ұнамады, ол да жаңа құрбысының бұған немкеттілеу қарайтынын сезетін.

Арманай қызы туған кезде, Қуан киіз үйдегі қонақтардың көзінше Арманның қазірдің өзінде қалаулысы бар, ол Дастан деп хабарлап жіберді. Күшбике бұл сөзге қуана қоймады. Оның да ойы мен жоспары болатын. Анасы Ерке, қария кісі, кезінде оның қарапайым жігітке қосылуына қарсы болған, өйткені ол бір ықпалды отбасымен құдандал болғысы келген болатын. Бірақ қайсар қыз Қуанға есі құлай кетіп, таңдауына берік болды. Ал қазір, Күшбике өз жанұясынан жырақтағалы бері, көп жыл бойы сүрген өмірі мен ортасынан тым алшақтап кеткенін сезді. Енді оның күйеуін өз отбасына тиесілі жерге көшуге көндірсем екен деген үміті бар еді. Оған қоса анасы екеуі арасындағы салқындықты осы қызының арқасында қалпына келтірем деген ойы да болды.

Сол себепті шығыс әйеліне тән, анасынан дарыған даналықпен, күйеуіне ешқашан қарсы келмейтін. Күшбике үндемей ғана, күйеуін өз ыңғайына бұратын уақытты шыдаммен күтті.
Әкесі Тоқтарбай қызына қызмет етуге үш күң-әйел, ал күйеу баласына үш құл-таттар берген болатын. Қуан мен Антас ауылдарының тарихында осындай үрдіс бірінші рет болғандықтан, кісілер мұны түсінбеді.
Ал Қуан болса уақыт өте келе бай-бағланға тән қылықтарға біртіндеп үйреніп, өзгере бастады. Әйелі жағынан жаңа туыстары үнемі келіп, жиі дастархан жайғаны, кейбір іс пен жоспарды талқылағаннан соң, ол ескі жан досынан алшақтай берді. Ал атастырылған кішкентай балалар бұл кезде дос болып, күн сайын уақыттарын бірге өткізетін. Маңайдағы үлкендердің бәрі олардың кішкентай қалыңдық пен күйеу екенін білетін. Дегенмен Дастан мен Арман айналадағы кісілер не себепті өздеріне қарап жымиятындарын, әлбетте, түсінбейтін.

Сөйтіп, жылдар өтіп жатты. Қуан байығанның үстіне байи берді. Күшбикенің дәулетке толы жасауы көмектесті, жұмыстың көбін қызметшілер атқарды. Қуанның өзі де өзгерді. Әйелінің туыстарымен тығыз араласқаны әсерін тигізбей қоймады. Мұны Антас та байқады. Қуанның өзгеріп, басқа кісіге айналып бара жатқанын түсінді. Екеуінің мүддесі де алшақтай бастады, арасы суып, сирек ұшырасты, әңгімелерін қысқа қайыратын болды.

Ал балалар үлкендердің қарым-қатынасынаң бейхабар, әрі олардың қарым-қатынасына мән де бермей, бір-біріне қонаққа барып, жақын араласа берді. Дастан, әрине, үй шаруасына көп көмектесетін, қолы босай қалса, досымен уақыт өткізуге жүгіретін, даладан теріп әкеліп оған гүл сыйлайтын, гүлдесте тоқып беретін. Екі үйде де дүниеге тағы балалар келді: Антас пен Толқын Жасұлан деген ұл мен Айна деген қыз перзент сүйді, ал Қуан мен Күшбикенің отбасында Түрген атты ұл дүниеге келді.

Қуан уақыт өткен сайын көбірек ойға бататын болды. Әйелінің ызыңдағаны, оның ағалары мен жеңгелерінің, өзге де туыстарының байлықты арттыру, Елдің билік элитасына кіру, қаһан ортасына жақындау керек екені туралы әңгімелерден кейін не істерін білмей дал болды. Ол үшін мықты кландармен туыс болу керек. Әйелі екеуі басқа бір ауылдан қонақтан қайтып келе жатқанда, Күшбикенің айтқан сөзі ойынан шықпай қойды. Сонда дастарқан жайған үкіметтік Ашино* кланынан шыққан танымал Сібірдің кішкентай сұлу Арманға назар салып, қалжыңдап: «Ал менің сіздің ханшайымыңыздан екі жас үлкен Аслан атты ұлым бар» дегенді. Қуан өмірінде алғаш рет осындай ерекше сәнді орта мен атақты қонақтар арасында отырғандықтан сыпайы жымиып, үндемей қалды, ал Күшбике мен оның анасы Еркенің көзіндеріне ұшқын жарқ етті.
Көп киіз үй тұрғызылған тойға барлық ру басылары, атақты қонақтар қатысты, ал белгілі балуандар, ақындар, бүркітшілер мен өзге де алуан түрлі сайыстарға қатысушылар жарыстар өткізді.

Үйге қайтар жолда ошақ иесі Қуанның миына, егер елеусіз қалғысы келмесе, оның қауымының (руының) күшейетін уақыты жеткенін басына құйып келе жатты. Екеуінің де басынан думандағы танымал жыршының* үкіметтік Ашино кланының қазіргі қуатты билікке келгенге дейін ондаған жыл бойы тауда тыныш жатып дайындалғаны, ал содан соң қалай саяси алаңға жылдам көтерілгені туралы айтқан аңызы шықпай қойды.

Әйелінің: «Арманды Сібірдің ұлына ұзату керек. Оның ықпалы күшті» дегені Қуанның құлағында ызыңдап тұрды. Алғашқыда Қуан «әлі де балалар болады ғой» деп бетін қайтарып тастайтын.

Бірақ қыңыр Күшбике: «Тағы балалы боламыз ба, қыз бола ма, оны бір Теңірі* ғана біледі. Әлі жоқ нәрсеге қалай үміт артамыз?» деген болатын.

Қазір Дастан 10 жаста, ал Арман 5 жасқа толды. Олар әлі де ажырамастай еді. Ал Қуан: «Шешімімді өзгерткенімді досы мен жан-жағыма қалай мәлімдеймін? Қалай болғанда да ант бұзған кісіні ел жазғырады ғой» деп ойланып басы қатты.
Бір жағынан, ескі досын ренжіткісі келмеді. Сөйтіп, екі оттың ортасында қалғандай, шарқ ұрды.
Шешімін дәл Күшбикенің өзі: «Малға бұл жер тарлық етіп жатыр, жаңа жайылым керек. Бірден алыстау жерге көшіп кетейік, сонда өзі де белгілі болады» деп тауып берді.
Солай істеді де. Антас досынан оның шешімін естіген сәтте, олардың қарым-қатынасы үзілерін бірден түсінді.
Қуан мен Күшбике алысқа, салт атпен бір күндік жол болатын қашықтыққа қоныс аударды. Дастан шамасы келгенше әкесінің досына қонаққа барып тұрды. Ал күні бойы үй шаруасымен айналысатын Антастың өзі ескі досына өте сирек баратын. Әрі сол ортада өзін ыңғайсыз сезінетін болды. Әңгімелесулері де өзгеріп, әсіресе онымен қоса, Күшбикенің кез келген туысқаны немесе бір тобы Қуанға қонаққа келгенде үнемі сыни көзқарасты көретін.
Артынша қайғылы оқиға болды. Антас ақбөкенді қуғанда атының тізгіні үзіліп, аттан жазатайым ұшып түседі. Басы тасқа соғылып, дәл сол сәтте үзіліп кетеді. Денесін Қуан мен Күшбикеден қонақтан қайтқан Дастанды анасы әкесін іздеуге жұмсағанда тауып алады.
Қайтыс болған Антастың үйін қайғы басты. Жерлеуге ауыл тегіс көмектесті. Жерлеуге Қуан мен Күшбике де келді. Қуан қайғыға батқан Толқынды жұбатуға тырысты, Күшбике де жесірге көңіл айтты.

Ескі досының 40 күндік еске алу асында болған Қуан Толқынмен қоштасып, досының әйелін енді ешқашан көрмейтін шығармын деп болжаған болар. Солай болды да. Көктем шыға сала Қуан мен Күшбике алысқа, Тоқтарбай мен оның руы иелігіндегі жерге қоныс аударды.

Енді ер кісінің міндеттері осы кезде Дастанның мойнына артылды. Әкесінің 40 күндік асынан кейін Арманмен тек бір рет қана кездесті. Қараңғы түнде шаруасын бітіріп, үй іші тегіс ұйқыға жатқан соң ғана жүзеге асты. Дастан шідерілеп қойған атын ұстап алып, құрбысына кетті. Баласының кетіп бара жатқанын естіген Толқын ауыр күрсінді. Дастанға бала махаббатымен қоштасып қайтуын айта алмады, жанын жаралап, баласын ренжітіп алам ба деп қорықты.
Қуан мен Күшбикенің осы жолы тым алысқа қоныс аударғандарына Дастан қатты қапа болды. Алайда күнделікті күйбеңнен артық ойға мұршасы болмады. Сөйтіп, ай аунап, жылдар жылжыды. Дастан бірте-бірте құштарлық сезімін ұмытуға мәжбүр болды. Оған қоса Толқын бірнеше рет басында тұспалдап, ал сосын тіке: «Ұлым, енді оны ұмытып, өз жүрегіңді азаптамасаң жақсы болар еді» дегенді айтты.

Одан бері он жыл өтті. Дастан кейінгі екі жылда Арманайдың халі қандай, жай ғана көріп қайтсам деп жиі ойлады, сондай-ақ әкесінің ежелгі досына сәлем беріп қайтқысы да келді. Ойлана келе баруым керек деп түйді. Үйдің қым-қуыт шаруасын алдын ала тындырып, анасын, қарындасын, үй тірлігін Жасұлан інісіне тапсырып, жолға шығуға дайындалды.


Келесі тарау
Мазмұны
Глоссарий
Мерч
Автор: Мария Ланина
Фотография: Unspalsh
По всем вопросам свяжитесь с нами любым удобным способом:

E-mail: hello@company.com
Телефон: +123 466 567 78
Соцсети: Facebook | Instagram | Youtube

© All Right Reserved. My company Inc.
e-mail us: hello@company.cc
Made on
Tilda